Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Астана» «Динамо Ситиге» есе жіберіп, жарысты аяқтады 

Конференция лигасы: «Астана» «Динамо Ситиге» есе жіберіп, жарысты аяқтады 

Фото: «Астана» футбол клубы

Бүгін 16 шілде күні UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» Албанияның «Динамо Сити» командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Албанияның Эльбасан қаласында өткен алғашқы кездесуде «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 69-минутта Рамазан Кәрімов соққан еді.

Сондықтан бүгінгі ойын барысында албаниялық клуб алғашқы минуттан шабуылға иек артты. Соған қарамастан олар 24-минутта өзінің айып алаңында дөрекі әрекетімен көзге түсті. Төреші белгілеген пенальтиден Бауыржан Исламхан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде албаниялық клуб белсенділігін арттырды. Алдымен 50-минутта Бруно Дита пенальтиді шебер орындаса, одан кейін 62-минутта Хекуран Бериша мергендік танытты.

Осылайша «Динамо Сити» 2:1 есебімен алға шықты.

Нәтижесінде екі кездесудің нәтижесі теңісп, ойын қосымша кезеңге ұласты.

Қосымша кезеңде Лоренцо Виля 93, Мұстафа Кома 123-минутта гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.

«Динамо Сити» командасының сексен жылға жуық тарихы бар. Бұл клуб 2023 жылға дейін жанкүйерлер қауымына «Динамо Тирана» деген атаумен жақсы белгілі.

«Динамо Сити» - Албаниядағы ең танымал клубтардың бірі. Олардың еншісінде қазірге дейін 18 чемпиондық атақ бар. Дегенмен олар соңғы рет мұндай мүмкіндікке 2009/2010 жылғы маусымда ие болған еді. Биыл олар еурокубок ойындарына қатысуға былтыр ел кубогын жеңіп алғаны үшін мүмкіндік алды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан