2 сағат бұрын
Сербиялық қорғаушы «Ақтөбе» сапынан кетті
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» команда құрамындағы кадрлық өзгерістерді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, ақтөбелік клуб 25 жастағы сербиялық қорғаушы Данило Митровичпен келісімшартты тоқтатты. Футболшы сәуір айының ортасында бұрынғы бас бапкер Штефан Тарковичтің бастамасымен келді. Алайда, легионер командасында ойнауына денсаулық мәселесі кедергісін келтірді, - деп жазды ол.
Қазақстан Премьер-лигасында Митрович бес матч өткізді, содан кейін ол жарақатына байланысты қатардан шықты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бельгиялық қорғаушы Сенна Малик Мианг «Ақтөбе» футбол клубының кезекті жаңа ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан