Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Бабаян «Астананың» алдағы маусымдағы басты мақсатын атады

Бабаян «Астананың» алдағы маусымдағы басты мақсатын атады

«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян еурокубоктардан шығып қалғаннан кейін команданың алдағы міндеттері туралы айтты.

Маманның сөзінше, ендігі негізгі мақсат – Қазақстан Премьер-лигасында үздік үштікке еніп, келесі маусымда қайтадан еурокубоктарға жолдама алу.

«Алдағы төрт айда біз үшін өте маңызды кезең күтіп тұр. Үздік үштік үшін күресіп, келесі жылы қайтадан Еуропа додасында ойнауға мүмкіндік алуымыз керек. Жігіттер мұны жақсы түсінеді. Бірақ клубтағы қазіргі жағдайдың тезірек шешілгені бәрінен маңызды», – деді Бабаян.

Ол сондай-ақ футболшылардың жалақы бойынша қарыздарға қарамастан бар күшін салып жүргенін атап өтті.

Айта кетейік, «Астана» Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубына екі матчтың қорытындысы бойынша 2:4 (қосымша уақытта) есебімен жол беріп, еурокубок маусымын аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан