4 күн бұрын
«Ертіс» құрамындағы өзгерістерді жариялады
Павлодардың «Ертіс» клубы құрамдағы өзгерістер туралы ресми мәлімдеді.
Команда сапын 31 жастағы украиналық қақпашы Богдан Сарнавский толықтырды. Ол Киевтің «Динамо» академиясының түлегі. Бұған дейін Украина және Польша чемпионаттарында өнер көрсеткен. Соңғы клубы Гданьскінің «Лехиясы» болды.
Сонымен қатар павлодарлық клубпен екі қазақстандық жартылай қорғаушы қоштасты. Арсен Буранчиев енді Петропавлдың «Қызылжар» командасының намысын қорғайды. Ал Мирас Оматай семейлік «Елімай» клубына ауысты.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 17 турында «Ертіс» 11 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Бес дүркін ел чемпионы соңғы 13 матчта жеңіске жете алмай келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан