11 сағат бұрын
Хосеп Гвардиола: Қазір бапкерлік қызметке оралуға дайын емеспін
«Барселона», «Бавария» және «Манчестер Ситидің» бұрынғы бас бапкері Хосеп Гвардиола әзірге жаттықтырушылық қызметке қайта оралуды жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Психологиялық тұрғыдан маған ештеңе жетіспейді. Мен 37 жасымда бапкерлікке келдім, содан бері бүкіл өмірім футболмен тығыз байланысты болды. Енді өмірді басқа қырынан танып, футболдан тыс дүниелермен айналысып, бақытты болғым келеді.
Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Бірақ белгілі бір сәтте аялдап, үзіліс жасау қажет екенін сезінесің. Мүмкін, бір күні оянып, "Жарайды, қайтадан бапкерлікке оралғым келеді" деп айтармын. Бірақ ол үшін алдымен осы істі сағынуым керек. Қазір ондай сезім жоқ.
Қазір алдағы өмірімнің қандай болатынын түсінуге тырысып жүрмін. Өзіме көбірек уақыт бөлгім келеді. Балаларыммен және 95 жастағы әкеммен бірге көбірек уақыт өткізуді қалаймын. Жақында 56 жасқа толамын, енді өмірге деген көзқарас та өзгереді. Бапкерліктен кейінгі өмірге бейімделіп жатырмын. Әзірге бәрі жақсы», – деді Гвардиола Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Хосеп Гвардиола бұған дейін 2015-2026 жылдар аралығында «Манчестер Ситиді» баптаған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов