Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері болады

Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері болады

Фото: bloomberg.com

Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасының бас бапкері болады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде белгілі инсайдер Фабрицио Романо жазды.

Зинедин Зидан 1994-2026 жылдары Франция құрамасында ойнады. 1998 жылы әлем чемпионы болса, 2006 жылы күміс жүлдегер болды. Бапкерлік қызметінде 2019-2021 жылдары Испанияның «Реал Мадрид» клубымен 3 мәрте Чемпиондар лигасы, 1 мәрте UEFA суперкубогын иеленді. Сондай-ақ Испания чемпионатында екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, екі мәрте Испания суперкубогына қол созды.

Оның басшылығымен корольдік клуб екі мәрте клубтар арасындағы әлем чемпионатында алтын алды.

Қазір ұлттық құраманың бас бапкері қызметін франциялық тағы бір маман Дидье Дешам 2012 жылдан бері атқарып келеді. Оның басшылығымен құрама 2018 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы күміс жүлдеге қол созды. Биыл әлем чемпионаты жартылай финалында Испанияға 0:2 есебімен жол беріп, енді қола медаль үшін 18 шілдеде Англиямен сынға түседі.

Сондай-ақ Дидье Дешам ұлттық құрама тізгінінде 2016 жылы Еуропа чемпионатында күміс алса, 2024 жылы үздік үштікті түйіндеді.

Дидье Дешам Франция құрамасы сапында футболшы ретінде 1998 жылы әлем чемпионы атанды. 2000 жылы Еуропа чемпионы болса, 1996 жылы үшінші орын алды.

Қазір ол әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетеді деген болжамдар айтылуда.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан