Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

«Каспий» күтпеген қиындыққа тап болды

«Каспий» күтпеген қиындыққа тап болды

Фото: «Каспий» футбол клубы

Ақтаулық «Каспий» Қазақстан Премьер-лигасы ХVІІІ-турының матчы қарсаңында күтпеген қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.

- Менің ақпаратым бойынша, команда көлік проблемасына байланысты Қызылордада ойын алдындағы жаттығуды өткізе алмады. Футболшылар мен жаттықтырушылар штабы бар автобус Шымкенттен Қызылордаға барар жолда бұзылып қалды. Нәтижесінде ойыншылар мен клуб өкілдері межелі жерге бірнеше минивэнмен жетуге мәжбүр болды, деп жазды ол.

Еске салсақ, ертең Ерлан Шойтымовтың командасы Қызылордада жергілікті «Қайсарға» қарсы ойын өткізеді. Кездесу сағат 20:00-де басталады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Абылайхан Рамазан «Каспий» сапына ауысты.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан