Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Нани «Алтаймен» кездесуге қатыспайды

Нани «Алтаймен» кездесуге қатыспайды

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Луиш Нанидің әулетінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Оның жақын туысқаны өмірден озды. Ұжым атынан қайырлы болсын айтамыз. Екіншіден, Нани Ibercup халықаралық турнирінің елшісі ретінде Бразилияда 20-26 шілде аралығында өтетін үлкен спорттық іс-шараға қатысады. IberCup São Paulo жарысының ресми амбассадоры есебінде «Ақтөбе» ойыншысы әуелі Лиссабонға барған соң, Сан-Паулуға ұшуға міндетті болмақ. Осылайша, Луиш Нани командамен бірге Өскеменге ұшпайтынын хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада. шарттары жарияланбады.

Еске салайық, Луиш Нани ақтөбелік клуб сапына биыл қосылды.

Ол - 2016 жылғы Еуропа чемпионы, төрт дүркін Англия Премьер-Лигасы чемпионы және Чемпиондар Лигасы жеңімпазы.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында «Ақтөбе» бесінші орынға ие болды. Жақында клубтың жаңа иесі ретінде бизнесмен Нұрлан Артықбаев тағайындалды, оның байлығы Forbes деректері бойынша 228 миллион долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан