6 күн бұрын
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді?
Фото: qfootball.kz
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев Англияның «Челси» сапындағы алғашқы ойынын ертең, 19 шілдеде өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді.
Испаниялық маман Хаби Алонсо 1 шілдеде «Челсидің» келісімшарты бар ойыншыларымен арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ол биыл лондондық клубтың бас бапкері болды.
Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына толыққанды қосылады. Осы уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан