Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп
Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 2:0 Аяқталды Страсбур Страсбур Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ювентус Ювентус 1:2 Аяқталды Интер Интер Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 2:2 Аяқталды Қызылжар Қызылжар Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 3:0 Аяқталды Милан Милан Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 0:4 Аяқталды Ордабасы Ордабасы Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Байер Байер 2:1 Аяқталды Севилья Севилья Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Кельн Кельн 2:1 Аяқталды Реал Сосьедад Реал Сосьедад Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Аугсбург Аугсбург 3:2 Аяқталды Сассуоло Сассуоло Лига кубогы Футбол Уотфорд Уотфорд 1:0 Аяқталды Кроули Кроули Лига кубогы Футбол Вест Хэм Вест Хэм 3:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Брайтон Брайтон 3:0 Аяқталды Рома Рома Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 1:1 Аяқталды Хетафе Хетафе Примейра-лига Футбол Маритиму Маритиму 1:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Эредивизи Футбол НЕК НЕК 1:2 Аяқталды Телстар Телстар Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Штутгарт Штутгарт 2:1 90 Эвертон Эвертон ХНЛ Футбол Риека Риека 20:00 Бүгін Динамо Динамо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 1:1 90+5 ПСЖ ПСЖ Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 1:1 90+3 Ұлытау Ұлытау Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Наполи Наполи 00:00 Ертең Сельта Сельта Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Ньюкасл Ньюкасл

18.07.2026

Жасұлан Әмірге қай клубтардың қызығып жатқаны белгілі болды

Жасұлан Әмірге қай клубтардың қызығып жатқаны белгілі болды

«Ордабасы» футбол клубының президенті Дархан Қызайбаев команданың шабуылшысы Жасұлан Әмірге Ресейдің «Балтикасы» мен Түркияның «Истанбул Башакшехир» клубтарынан трансферлік ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қызайбаевтың сөзінше, әзірге Жасұлан Әмірдің өзі де, клуб басшылығы да бұл ұсыныстарды тиімді деп санамайды.

Әмірге қатысты жағдай қалай? Жанкүйерлер оның шетелге кететінін жиі айтып жүр.

— Егер Жасұланға шетелден шынымен тиімді ұсыныс түссе, біз оны міндетті түрде қарастырамыз.

Ондай ұсыныс әлі болған жоқ па?

— Біздің және Жасұланның пікірінше, әзірге көңілден шығатын ұсыныс болған жоқ. Бірақ лайықты ұсыныс түссе, оны Әмірдің әкесімен, Жасұланның өзімен және клуб басшылығымен бірге талқылаймыз.

Қандай клубтар қызығушылық танытты?

— Бізге белгілісі — Ресейдің «Балтикасы» мен Түркияның «Истанбул Башакшехирі». Басқа клубтар туралы әзірге айтуға ерте. Әртүрлі әңгімелер бар. Бірақ нақты айта алатыным — осы екі клуб.

Қызайбаевтың айтуынша, клубтың басты мақсаты — Жасұлан Әмірдің биыл «Ордабасымен» бірге Қазақстан чемпионы атануы.

«Ең алдымен, Жасұлан биыл командамен бірге чемпион болуы керек. Барлығымыздың мақсатымыз — чемпиондық. Ол чемпиондық құрамның бір бөлігі болуы тиіс. Ал келесі жылы өзімен және әкесімен бірге болашағына қатысты ортақ шешім қабылдаймыз. Егер «Ордабасы» Чемпиондар лигасына жолдама алса, оның клубпен бірге еурокубоктарда өнер көрсете ме, әлде басқа жолды таңдай ма — соны бірлесіп шешеміз», — деді клуб президенті.

Айта кетейік, 19 жастағы Жасұлан Әмір — «Ордабасының» түлегі. Ол Қазақстан Премьер-лигасындағы дебютін 2025 жылдың 30 наурызында «Қызылжарға» қарсы матчта өткізіп, 81-минутта алаңға шыққан.

Биылғы маусымда Әмір команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, Қазақстан Премьер-лигасында 17 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютін ол 2026 жылдың 6 маусымында Арменияға қарсы жолдастық кездесуде (1:1) өткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz