9 сағат бұрын
«Оқжетпес» ел чемпионатында 3-орынға көтерілді
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алаң иелері матчты белсенді бастап, 22-минутта пенальтиден есеп ашты. Голдың авторы – Дмитрий Бородин. Осыдан кейін қонақтар шабуылды үдетуге тырысты. Екінші таймда ойын тең дәрежеде өрбіді. Марко Зиванович алаңнан қуылып, «Жетісу» ойын соңына дейін бір ойыншымен кем қалды. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған көкшетаулықтар қатарынан үш жеңілістен кейін жеңіске жетіп, матчты 2:0 есебімен аяқтады.
«Оқжетпес» – «Жетісу» 2:0 (1:0)
Голдар: Дмитрий Бородин (пенальти), 22 (1:0); Жаңғылышбай, 90+1 (2:0).
Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» 30 ұпай жинап, «Астананы» басып озып, турнир кестесінде қайтадан үшінші орынға көтерілді. Ал қатарынан үшінші рет жеңілген «Жетісу» 18 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов