8 сағат бұрын
«Тобыл» Еурокубоктың алдында жеңіске жете алмады
Петропавлдың «Қызылжары» мен Қостанайдың «Тобылы» Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің бірінші таймында командалар бір-бірден гол алмасты. Алдымен Александр Зуев есеп ашса, араға көп уақыт салмай Лиридон Латифи таразы басын теңестірді.
Екінші таймда екі команда да сақ ойын көрсетіп, есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде матч 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 18-тур
«Қызылжар» – «Тобыл» – 1:1 (1:1)
Голдар: Александр Зуев, 31 минут (0:1), Лиридон Латифи, 40 минут (1:1).
Қызыл қағаз: Пищевич, 88'.
Осы нәтижеден кейін «Тобылдың» еншісінде 19 ұпай, ал «Қызылжарда» 16 ұпай бар. Қазіргі таңда екі команда да турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов