6 сағат бұрын
«Қайрат» Қазақстан чемпионатында топ бастады
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Атырау» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудің алғашқы таймында-ақ Қазақстанның қазіргі чемпионы үш гол соғып, матч тағдырын ерте шешті. Алдымен Франьо Прце өз қақпасына автогол соқты. Артынша Эдмилсон дубль авторы атанып, қонақтардың басымдығын еселей түсті.
Екінші таймда алматылықтар есепті сақтауға мән беріп, сенімді жеңіске жетті. Алаң иелері сапынан Девенс бір голмен жауап қайтарды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 18-тур
«Атырау» – «Қайрат» – 1:3 (0:3)
Голдар: Прце (автогол) 8 (0:1), Эдмилсон 15 (0:2), Эдмилсон 24 (0:3), Девенс 70 (1:3).
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 42 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Алматылық клуб енді бұрынғы көшбасшы «Ордабасыдан» екі ұпайға алда келеді. Ал «Атырау» 18 ұпаймен турнир кестесінің орта тұсында орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов