6 сағат бұрын
«Қайсар» өз алаңында тағы да жеңіске жете алмады
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында Қызылорданың «Қайсары» мен Ақтаудың «Каспийі» тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қонақтар матч барысында аздап басымдық танытқанымен, үзіліске дейін есепті алаң иелері ашты. Алияр Мұхамед айып алаңының ортасынан дәл соққы жасап, допты қақпаның тоғыздығына тоғытты.
Екінші таймда «Қайсар» қарсыласы Бернардо Моргадоның алаңнан қуылуынан кейін сан басымдығына ие болды. Алайда матчтың 90-минутында Кеба Силла таразы басын теңестіріп, қонақтарды жеңілістен құтқарды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 18-тур
«Қайсар» – «Каспий» – 1:1 (1:0)
Голдар: Мұхамед 41 (1:0), Силла 90 (1:1).
Қызыл қағаз: Моргадо 88.
Осы тең нәтижеден кейін «Қайсардың» еншісінде 19 ұпай болса, «Каспий» 18 ұпаймен қалып отыр. Екі команда да турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов