5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев «Челси» клубында дебют жасады
«Челси» жолдастық кездесуде Англияның төртінші дивизионында өнер көрсететін «Кроули Таунды» 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матч жабық форматта өткендіктен, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз ұйымдастырылды. Daily Mail басылымының журналисі Киран Гиллдің мәліметінше, «Челсидің» сапында Джейми Гиттенс, Лиам Делап және осы жазда командаға қосылған Эмануэль Эмега мергендік танытты.
Кездесудің екінші таймында алаңға Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев шықты. Ол биыл алматылық «Қайрат» клубынан «Челсиге» ауысып, команда құрамындағы алғашқы дайындық матчтарының біріне қатысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов