1 күн бұрын
Роналдо Әлем чемпионатының финалына өз болжамын жасады
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо әлем чемпионатының финалындағы фаворитті атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Испания жеңіске жетеді. Оның үстіне оңай жеңеді. Олар Франциямен бірге үнемі басты фавориттердің қатарында болды.
Испания өте сапалы футбол ойнайды. Бұл – олардың табиғатына сіңген қасиет. Олар осындай футболды көп жылдан бері, бала кезінен бастап ойнап келеді», – деп келтіреді Роналдоның сөзін As басылымы.
Бүгін Испания мен Аргентина құрамалары әлем чемпионатының шешуші финалдық матчында кездеседі. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов