24 сағат бұрын
«Алтай» клубының өз алаңындағы жеңіліссіз сериясы тоқтады
Өскеменнің «Алтай» клубы Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші таймда Данило Кучер қорғаған қақпаға жауапсыз екі гол соғылды. Алдымен қонақтардың капитаны Иван Ордец есеп ашса, артынша Даниэль Соса есеп айырмасын ұлғайтты. Екінші таймда ақтөбеліктер үшінші голды да соқты, оның авторы Темірлан Ерланов болды. Осыдан кейін алаң иелері сапынан Дмитрий Подстрелов мергендік танытты. Матчтың соңында Пабло Альварес пен Никола Ямбор бір-бір голдан соғып, ойын 2:4 есебімен аяқталды.
«Алтай» — «Ақтөбе» 2:4 (0:2)
Голдар: Ордец, 20 (0:1), Соса, 30 (0:2), Ерланов, 55 (0:3), Подстрелов, 73 (1:3), Альварес, 81 (1:4), Ямбор, 90+2 (2:4).
Қызыл қағаз: Мичевич, 90+3.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 28 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Ал «Алтай» 16 ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов