20 сағат бұрын
«Ордабасы» Қазақстан чемпионатында қайта топ бастады
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесудегі есепті 7-минутта Берн Йонсен ашты. Алайда қонақтар араға бес минут салып, Фессу Плакканың голының арқасында таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқталмай тұрып, Ги-Марселин Килама мергендік танытып, «Ордабасыны» қайтадан алға шығарды. Екінші таймда Эльхан Астанов пенальтиден дәл соққы жасап, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 3:1.
Қазақстан Премьер-лигасы. 18-тур
«Ордабасы» – «Елімай» – 3:1 (2:1)
Голдар: Йонсен, 7 (1:0), Плакка, 12 (1:1), Килама, 37 (2:1), Э. Астанов, 60 (3:1).
18 ойыннан кейін «Ордабасы» клубы 43 ұпай жинады және олар алматылық «Қайраттан» 1 ұпайға озып келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов