20.07.2026
Испания мен Аргентина арасындағы ойынның 1-таймы қалай өтті?
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Испания мен Аргентина құрамалары арасындағы финалдық матчының алғашқы таймы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы 45 минутта испаниялықтар басымдық танытқанымен, есеп ашылған жоқ – 0:0.
Бірінші таймдағы жалғыз сары қағазды Аргентина құрамасының қорғаушысы Лисандро Мартинес алды.
Кездесу барысында Мартинес жарақат алып, оның орнына Николас Отаменди алаңға шықты.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалы АҚШ-тағы «МетЛайф» стадионында өтіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов