20.07.2026
Әлем чемпионатының су жаңа жеңімпазы белгілі болды
АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчы өтіп, онда Испания құрамасы Аргентина ұлттық командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу қосымша уақытта испаниялықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Испания құрамасы сапынан 106-минутта Ферран Торрес жеңіс голын соқты. Ал Аргентина құрамасы 90+3-минуттан бастап бір ойыншы кем құрамда ойнады: жартылай қорғаушы Энцо Фернандес екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, Испания құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұған дейін Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Австрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және Францияны (2:0) жеңген болатын.
Айта кетейік, Испания құрамасы өз тарихында әлем чемпионатын екінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін испаниялықтар әлем чемпионы атағын алғаш рет 2010 жылы жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов