20.07.2026
Еурокубок: «Қайрат» пен «Тобыл» қарсыласын қашан біледі?
20 шілдеде Швейцарияның Ньон қаласында еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық «Қайрат» пен «Тобыл» өздерінің қарсыластарын анықтайды.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де басталады. Бұл турнирде Қазақстан намысын «Қайрат» қорғауда. Алматылық клуб екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омониясымен» кездеседі.
Ал 17:00-де Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жеребе тартылады. Бұл жарыста Қазақстан атынан тек «Тобыл» ғана өнер көрсетіп жатыр. Қостанайлық команда турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, Литваның «Паневежис» клубымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін «Астана» мен «Елімай» Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен аса алмай, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан