20.07.2026
Мбаппе ӘЧ-2026-ның үздік сұрмергені атанды
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ең үздік сұрмергені атанды.
Француз футболшысы турнир барысында 10 гол соғып, бомбардирлер тізімінің көшін бастады. Алайда оның командасы жүлдеге қол жеткізе алмады. Франция жартылай финалда кейін әлем чемпионы атанған Испаниядан 0:2 есебімен жеңілсе, қола жүлде үшін өткен матчта Англияға 4:6 есебімен есе жіберіп, турнирді төртінші орынмен аяқтады.
Үздік мергендер тізімінде екінші орынға Лионель Месси тұрақтады. Аргентина құрамасының көшбасшысы әлем чемпионатында 8 гол соқты.
Ал Эрлинг Холанд (Норвегия) пен Джуд Беллингем (Англия) жеті голдан соғып, үздік бомбардирлер қатарынан көрінді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан