Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Футболдан Әлем чемпионатының тағы бір қатысушысы бас бапкерімен қоштасты

Футболдан Әлем чемпионатының тағы бір қатысушысы бас бапкерімен қоштасты

Бельгияның Корольдік футбол қауымдастығы Руди Гарсиямен жасалған келісімшарттың ұзартылмайтынын хабарлады. Қолданыстағы келісім 2026 жылдың 31 шілдесіне дейін жарамды, деп хабарлайды Sport12.kz

Руди Гарсия Бельгия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2025 жылдың 1 ақпанында Доменико Тедесконың орнына тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен бельгиялықтар 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді.

«Бельгия футбол қауымдастығымен ақылдаса келе, соңғы 18 айға созылған жемісті ынтымақтастығымызды жалғастырмау туралы шешім қабылдадық. Мен Бельгия құрамасын Ұлттар лигасының А дивизионында және әлемнің үздік сегіз құрамасының қатарында қалдырып барамын.

Тамаша ойыншылар тобына, спорттық директор Винсент Маннартқа және әлем чемпионаты бойы бізді қолдаған жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Бельгия құрамасына буын алмасу үдерісін сәтті жалғастыруына тілектеспін. Осы өзгерістің басталуына өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын», – деді Гарсия Бельгияның Корольдік футбол қауымдастығының ресми сайтына.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан