21 сағат бұрын
ФИФА үздік он құраманы жариялады
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Әлем чемпионы атанған Испания құрамасы 1995,88 ұпай жинап, рейтингте бірінші орынға көтерілді. Финалда испандар Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, көшбасшылықты өз қолына алды.
Әлем чемпионы атағын қорғай алмаған Аргентина 1970,37 ұпаймен екінші орынға түсті. Франция төртінші орын алғанына қарамастан, рейтингтегі үшінші сатысын сақтап қалды. Ал қола жүлдегер Англия төртінші орында қалды.
Бразилия бесінші орынға көтерілсе, Марокко алтыншы орынға жайғасты. Португалия екі саты төмендеп, жетінші орынға түсті. Бельгия сегізінші, Нидерланд тоғызыншы орынға тұрақтады.
Үздік ондыққа қайта енген Мексика төрт сатыға жоғарылап, оныншы орынға көтерілді. Ал Германия алғашқы ондықтан шығып, 12-орынға сырғыды.
Ең үлкен серпілісті Норвегия жасады. Ширек финалға дейін жеткен скандинавиялық құрама 12 сатыға көтеріліп, 19-орынға орналасты.
ФИФА рейтингі (20 шілде):
- Испания – 1995,88
- Аргентина – 1970,37
- Франция – 1948,97
- Англия – 1922,83
- Бразилия – 1804,92
- Марокко – 1803,99
- Португалия – 1787,85
- Бельгия – 1778,36
- Нидерланд – 1775,54
- Мексика – 1754,30.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан