20 сағат бұрын
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайды
Аргентина құрамасының аңызға айналған шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.
Журналист Эрнан Кастильоның мәліметінше, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында Месси киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына әсерлі сөз сөйлеп, бұл матчтың Аргентина құрамасындағы соңғы ойыны болатынын мәлімдеген.
Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Аргентина Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Қосымша уақыттың 106-минутында Ферран Торрес жеңіс голын соқты.
2026 жылғы әлем чемпионатында Лионель Месси 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Биылғы мундиаль алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексикада өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан