Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Әлем чемпионатынан кейін Винисиус пластикалық ота жасатты

Әлем чемпионатынан кейін Винисиус пластикалық ота жасатты

Мадридтің «Реал» клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор иегіне пластикалық ота жасатты. Бұл туралы Portal Leo Dias басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Бразилия құрамасы жарыстан шығып қалған соң, футболшы Гояс штатындағы (Бразилия) клиникалардың бірінде иек пішінін түзету процедурасынан өткен.

Мамандардың айтуынша, бұл косметикалық процедура иекті айқындап, бет әлпетінің үйлесімділігін жақсартуға бағытталған. Мұндай әдіс соңғы жылдары эстетикалық медицинада кеңінен қолданылады.

Еске салайық, Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысты. Осылайша бразилиялықтар соңғы 36 жылда алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады.

Винисиус Жуниор «Реал» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның мадридтік клубпен жасасқан қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. БАҚ мәліметінше, шабуылшы «Реалда» бір маусымда 20 миллион еуродан астам жалақы алады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан