5 сағат бұрын
Футболдан биылғы финалиссима матчы күзде өтуі мүмкін
Фото: fifa.com
Аргентина — Испания арасындағы финалиссима матчы күзде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осыған дейін бұл матч наурыз айында өтуі керек болған, алайда саяси қақтығыстарға байланысты бұл мүмкін болмады.
Финалиссима - Еуропа чемпионаты мен Америка кубогында жеңімпаз атанған құрамалар кездесетін турнир. Бұл турнир 1985 жылы алғаш рет өткізілді. Ол уақытта Артемио Франки кубогы деп аталатын еді.
Алғашқы жылы 1985 жылы Франция құрамасы Уругвайды 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Одан кейін 1993 жылы Аргентина Даниямен негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтилер сериясында 5:4 есебімен жеңді.
Финалиссима 2022 жылы Аргентина Италиядан 3:0 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, 14 шілдеде Еуропа чемпионаты финалында Испания Англияны 2:1 есебімен жеңсе, Аргентина 15 шілдеде Америка кубогында Колумбияны қосымша кезеңде 1:0 есебімен сүріндірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан