22 сағат бұрын
Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Омониямен» кездеседі
Алматылық «Қайрат» 22 шілде күні Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Кипрдің «Омония» клубына қарсы өткізеді.
Кездесу Кипр астанасы Никосиядағы GSP стадионында өтеді.
Еске салайық, жауапты кездесу 29 шілдеде Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьескасын» екі матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Егер алматылық клуб «Омониядан» жеңілсе, еурокубоктағы жолын Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жалғастырады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан