Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы ЦП-футболдан әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасы ЦП-футболдан әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетеді

Қазақстанның ЦП-футболдан ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысады. Церебралды сал ауруы бар спортшылар арасында өтетін 2026 жылғы IFCPF ерлер әлем чемпионаты Англияның Лафборо қаласында ұйымдастырылады.

Халықаралық ЦП-футбол федерациясының ресми күнтізбесіне сәйкес, әлемдік дода 2026 жылдың 16–23 тамызы аралығында өтеді.

Бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін тарихи маңызға ие. Ұлттық команда алғаш рет әлем чемпионатында ел намысын қорғап, әлемнің үздік ұжымдарымен сынға түседі.

Байрақты бәсеке қазақстандық футболшыларға халықаралық тәжірибе жинауға, ойын деңгейін жетілдіруге және өз шеберліктерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында бапкерлер штабы ойыншылардың физикалық және тактикалық дайындығына назар аударып, команданың турнирге қатысатын соңғы құрамын пысықтайды.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына алғаш рет қатысуы еліміздегі ЦП-футболдың дамуына серпін беріп, ерекше қажеттілігі бар спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан