6 сағат бұрын
ҚФФ Премьер-лиганың 18-турындағы кейбір даулы сәттерге түсіндірме берді
Фото: ҚФФ
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 18-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ордабасы» – «Елимай»
56-минут. Бұл эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Қорғаушы мен шабуылшы доп үшін таласады. Шабуылшы допқа бірінші болып жетеді, ал сәл кешіккен қорғаушы алдымен қарсыласының аяғына тебеді, содан кейін оның тобығын басып кетеді. Ойын сәті өте жылдам өткендіктен, бас төреші алғашқы сәтте жанасуды байқамай қалды. Алайда қайталауда №27 ойыншының допқа мүлде тимегені, алдымен шабуылшының аяғына соққы жасап, кейін оның тобығын басқаны анық көрінеді.
Қорытынды: Бейне қайталаудан кейін төрешінің пенальти белгілеп, №27 ойыншыға абайсыз әрекеті үшін сары қағаз көрсету туралы шешімі дұрыс болды.
«Қайсар» – «Каспий»
53-минут. Эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Шабуылшы қақпаға соққы жасаған сәтте №43 қорғаушы қолымен допқа әдейі тиеді. Қорғаушының денесі қолын жауып тұрғандықтан, бас төреші бұл сәтті көре алмай қалады. VAR бұл эпизодты дұрыс тексеріп, пенальти белгілеуге негіз болатын қолмен ойнауды анықтайды.
Алайда осындай жағдайларда VAR шабуылдың бүкіл фазасын тексереді. Қайталауда шабуылшы №30-дың осы эпизодқа дейін қолымен ойнағаны анық көрінеді. Сондықтан VAR төрешіні алаң жиегіндегі мониторға шақsрып, бейне қайталауды қарауды ұсынады.
Қорытынды: Қайталаудан кейін төреші шабуылдаушы команданың пайдасына белгіленуі тиіс пенальтиді жойып, шабуылшының қолмен ойнағаны үшін шабуылдаушы командаға қарсы тікелей айып добын дұрыс тағайындады.
«Жеңіс» – «Ұлытау»
3-минут. Бұл эпизодта тағы да айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Шабуылшы допты айып алаңына асырған сәтте доп қорғаушының қолына тиеді. Алайда сол мезетте қорғаушының қолы денесін тіреп тұрған қалыпта болды. Ережеге сәйкес, ойыншы қолын денесін тіреу үшін пайдаланған жағдайда мұндай жанасу қолмен ойнау болып саналмайды. Қорғаушының қолы денесін үлкейту үшін созылған жоқ, керісінше жерге тіреліп, тепе-теңдігін сақтау мақсатында қолданылды.
Қорытынды: алаңдағы бейне қайталаудан кейін төрешінің пенальти шешімін жою дұрыс шешім.
Еске салсақ, футболдан Бірінші лиганың 15-тур матчтарына төрешілер мен инспекторлар тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан