4 күн бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Омония» кездесуіне төрешілер белгіленді
Фото: «Омония» футбол клубы
UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Омония» (Никосия, Кипр) кездесуінің төрешілер бригадасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу 29 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткізіледі.
Кездесу бас бапкер міндетін норвегиялық Рохит Сагги атқарады. Оған отандастары Андерс-Олав Дале мен Уле-Андреас Хаукосен көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Мариус Хансен-Гретта. Ал VAR: Микаэль Фаббри (Италия) қызмет атқарса, VAR төрешісіне Кристоффер Хагенес (Норвегия) көмектеседі.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде кипрлік клуб 1:0 есебімен басым түсті.
Бұл командамен алматылық команданың жолы бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда Конференция лигасы топтық кезеңінде түйіскен еді. Ол жолы екі кездесуде де 0:0 есебі тіркелді.
Айта кетсек, алматылық клуб бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын (2:1, 2:0) қапы қалдырды.
Қазақстандық команда Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Левски» (Болгария) - «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Егер екінші іріктеу кезеңінде қарсыласына есе жіберген жағдайда «Қайрат» Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде «Мьельбю» (Швеция) - «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан