Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең түсті 

Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» тең түсті 

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бүгін қазақстандық «Тобыл» (Қостанай) футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» клубымен алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында қазақстандық команданың белсенділігі байқалып тұрды. Соған қарамастан алғашқы голды литвалық клуб соғып кетті. Олардың қатарынан қорғаушы Сейдина Кейта 45-минутта мергендік танытты.

Ойынның екінші кезеңінде 60-минутта «Паневежис» қақпасына пенальти белгіленген еді. Оны орындау барысында қостанайлық клубтың капитаны Асхат Тағыберген мүлт кетті.

Ал 84-минутта «Тобыл» сапынан Неманя Цавнич баспен гол соғып, таразы басын теңестірді.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Қарымта кездесу 30 шілдеде Қостанай қаласында болады.

Қазақстандық клуб үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Партизан» (Сербия) - «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бірінші кездесу 6 тамызда сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 13 тамызға белгіленген.

«Паневежис» командасы 2015 жылы құрылған. 2019 жылдан бері өз елінде жоғары А лигасында ойын көрсетіп келеді. 2023 жылы алғаш рет ел чемпионы атағын жеңіп алды. Былтыр олар ел кубогында жеңімпаз тұғырынан көрінді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан