6 сағат бұрын
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Каспий» сапына ауысты
Фото: «Каспий» футбол клубы
«Каспий» футбол клубы құрамын жас әрі талантты қорғаушы Тимур Курбановпен толықтырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан жастар құрамасының (U21) мүшесі саналатын сол жақ қорғаушы жаңа маусымда клубымыздың намысын қорғайды.
- Жылдамдығы, еңбекқорлығы және қорғаныстағы сенімді ойынымен танылған Тимурдың командамызға үлкен пайдасын тигізетініне сенімдіміз, - деп жазылған хабарламада.
Туған күні: 21 маусым 2006 жыл
Ұлты: Қазақстан
Бойы: 178 см
Амплуасы: Сол жақ қорғаушы
Қазақстан U21 құрамасының ойыншысы.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Каспий» футбол клубы бапкерлер штабының мүшесі, көмекші бапкер Ерлен Бекмұхаев қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан