3 күн бұрын
Дастан Сәтпаев «Челси» клубымен бірге Аустралияға жол тартады
Лондонның «Челси» клубы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қорытынды тізімге Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енді. Ойыншылардың толық құрамы клубтың ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Еске салайық, лондондық клуб Аустралия мен Азияға турне жасап, «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» командаларына қарсы жолдастық кездесулер өткізеді.
Дастан Сәтпаев кәмелет жасына толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады. Ал лондондық клубтың бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық футболшының алдағы тағдырына қатысты шешімді маусым алдындағы дайындық қорытындысы бойынша қабылдайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов