Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига матчтарына дайындығын бастады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига матчтарына дайындығын бастады

Фото: ҚФФ

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролигасының А дивизионы матчтарына дайындықты бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын Әзербайжанның Баку қаласында өткізіп жатыр.

Жиын барысында бапкерлер штабы команданы алдағы топтық кезең ойындарына дайындауда.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Виктор Чорный («Гавана», Швейцария), Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар).

Алаң ойыншылары: Игорь Демешко, Баянбек Муралинов, Алан Минбаев, Тимур Ершин, Денис Гулый, Михаил Кайзер, Артур Деринг, Владислав Шевчук (барлығы – «Арман», Павлодар), Арман Шотанов («Barqy», Семей), Саят Әшімов («Малайсары», Жетісу облысы), Әбдіқадыр Құрбанов («Omega», Тараз), Мұса Әлиев («ІІМ ҚАЖК», Астана).

Бапкерлер штабы: Дмитрий Перевертов – бас бапкердің міндетін атқарушы, Антон Шкарин – бапкер-кеңесші, Тимур Камашев – амбассадор, Александр Гайдуков – дәрігер, Дархан Смайылов – массажист, Руслан Кенетаев – кит-менеджер, Берік Өмірбаев – менеджер, Ақылжан Құдайбергенов – медиа-офицер.

Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:

29 шілде, 22:00

Қазақстан – Молдова

30 шілде, 18:00

Италия – Қазақстан

31 шілде, 18:00

Бельгия – Қазақстан.

Еуролиганың А дивизионында Қазақстан құрамасы А тобында Молдова, Италия және Бельгия құрамаларымен кездеседі.

Матчтар 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдованың Кишинев қаласында өтеді.

Еске салсақ, 10-12 шілде аралығында Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан чемпионатының матчтары өтті.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан