Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

ҚФФ ҚПЛ клубтары мен футболшыларына тәртіптік жаза қолданды

ҚФФ ҚПЛ клубтары мен футболшыларына тәртіптік жаза қолданды

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитеті ҚПЛ-дың 18-туры мен Қазақстан Кубогының жартылай финалынан кейін бірқатар клубтар мен футболшыларға қатысты тәртіптік шешімдер шығарды.

Комитет шешімімен «Ақтөбе» мен «Каспий» командалары тәртіп бұзушылықтары үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал «Қайсар» клубына жанкүйерлерінің тәртіпсіз әрекеті үшін айыппұл салынды.

«Оқжетпес» пен «Жетісу» екінші таймды кеш бастағаны үшін әрқайсысы 60 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Сонымен қатар, матч кезінде өрт сөндіру көлігінің болмауына байланысты «Оқжетпеске» ресми ескерту жасалды.

Жеке тәртіптік жазалар да қолданылды. «Жетісу» қорғаушысы Марко Зиванович қауіпті ойыны үшін екі матчқа дисквалификацияланды.

Ал Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы «Ордабасы» – «Алтай» кездесуінде төрешілерге былапыт сөз айтқаны үшін «Алтай» футболшысы Алиқбар Әбілқайыр төрт матчқа алаңнан шеттетілді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан