Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Ақтөбе» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпес» (Көкшетау) командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қос команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан екі клуб үшін бүгін үш ұпай өте қажет еді.

Кездесу барысында ақтөбелік клубтың белсенділігі байқалып тұрды.

Ойынның 5-минутында олардың қатарынан Яни Атанасов есеп ашса, 22-минутта Темірлан Ерланов басымдықты арттырды.

Оған 45-минутта «Оқжетпес» сапынан Шахбоз Умаров бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 31 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Бүгін жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңывнда Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың -«Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ аталған турда ертең, 26 шілдеде 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) - «Атырау», 19:00-де «Астана» - «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) - «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі.

Бұл турды 20:00-де «Каспий» (Ақтау) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан