Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Шымкенттен келген «Ордабасы» жанкүйерлеріне ту мен барабанды кеш кіргізді

Шымкенттен келген «Ордабасы» жанкүйерлеріне ту мен барабанды кеш кіргізді

Фото келісіммен түсірілді

Шымкенттен Алматыға «Ордабасы» футбол клубын қолдау үшін арнайы шамамен 1000 жанкүйер келді.

Алайда матч алдында қауіпсіздік қызметі жанкүйерлердің туы мен барабанын стадионға бірден кіргізбей, ойынның басталуына алты минут қалғанда ғана рұқсат берді.

Сонымен қатар, кездесу басталғаннан кейін де шамамен 15 минут бойы барабан соғуға мүмкіндік берілмеді. Осы уақыт өткен соң ғана жанкүйерлер өз командаларын толыққанды қолдай бастады.

Белгілі болғандай, «Ордабасы» клубының өкілдері жанкүйерлердің туы мен барабаны туралы алдын ала құқық қорғау органдары мен Қазақстан футбол федерациясының жауапты тұлғаларын хабардар еткен. Соған қарамастан, стадионға кіргізу барысында мәселе туындады.

Кейіннен жағдайға матч делегаты араласып, содан кейін ғана жанкүйерлердің атрибуттарын стадионға алып кіруге рұқсат берілді.

Футболдағы атмосфераның негізгі бөлігі – жанкүйерлердің қолдауы. Сондықтан мұндай жағдайлар қайталана берсе, Қазақстанда жанкүйерлік мәдениетті дамытуға кері әсер етуі мүмкін. Командасын қолдау үшін жүздеген шақырым жол жүріп келген жанкүйерлерге қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қолдау көрсетуге қажетті жағдай жасау маңызды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан