Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тобыл» сегізінші орынға көтерілді

ҚПЛ: «Тобыл» сегізінші орынға көтерілді

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырау» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жылмы-жыл үздіктер қатарынан көрініп жүрген қостанайлық команда биыл доп додасында сылбыр ойынымен жанкүйерлер көңілін таба алар емес. «Атыраудың» да жағдайы мәз емес. Кейінгі турларда қарсыластарына есе жіберіп қойды. Үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты. Бүгінгі кездесу қалай аяқталатынын алдын-ала болжау өте қиын.

Кездесу барысында қостанайлық клубтан Урош Милованович 26-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін ойында гол соғылған жоқ.

Ойынның 87-минутында Санжар Сатанов қызыл қағазбен алаңнан қуылды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан