7 сағат бұрын
«Ливерпуль» түлегі «Ақтөбе» сапына қосылатын болды
Фото: sports.ru
Англиялық вингер Шейи Оджо «Ақтөбе» футбол клубы ұсынысын қабыл алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, легионер клубпен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қояды, - деп жазды ол.
29 жастағы футболшы өткен аптада қалаға келіп, алдымен клубтың инфрақұрылымымен танысты. Содан кейін олардың «Оқжетпеске» қарсы өз алаңындағы матчын тамашалады. Ойынға қатысқаннан кейін ғана Оджо «Ақтөбе» клубының ұсынысына келісу туралы шешім қабылдады. Ол Қобыланды батыр атындағы стадионда атмосфераға тәнті болды.
Шейи Оджо 1997 жылы дүниеге келген. Англияның «Ливерпуль» клубының түлегі мансабын төл командасында бастап, одан кейін Англия, Франция, Шотландия, Бельгия, Словения клубтарында ойнады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бельгиялық қорғаушы Сенна Малик Мианг «Ақтөбе» футбол клубының кезекті жаңа ойыншысы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан