Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы ойнайтын болды

Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы ойнайтын болды

Фото: qfootball.kz

Қазақстандық Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» командасы құрамында Sydney Super Cup турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ойында Аустралияда өтеді. Оған жергілікті «Вестерн Сидней» және англиялық «Тоттенхэм» айналмалы жүйеде ойнайды.

А-Лиганың (Аустралия біріншілігі) ресми сайты оған қатысатын командалар тізімін жариялады. Онда бақ сынайтын ойыншылар қатарында Дастан Сәтпаев та бар.

Аустралияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында англиялық клуб бірінші кездесуін аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 28 шілдеде Сидней қаласындағы «Аккор» стадионында Қазақстан уақытымен 14:45-те басталады. Аталған матч лондондық клубтың Аустралия және Азия құрлығында өтетін сапарын бастайды.

Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді.

Испаниялық маман Хаби Алонсо 1 шілдеде «Челсидің» келісімшарты бар ойыншыларымен арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ол биыл лондондық клубтың бас бапкері болды.

Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына толыққанды қосылады. Осы уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан