Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Абылайхан Жұмабек «Тараз» командасына қайта оралды

Абылайхан Жұмабек «Тараз» командасына қайта оралды

Фото: «Тараз» футбол клубы

Жамбыл футболының түлегі Абылайхан Жұмабек «Тараз» командасына қайта оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Кәсіби футболдағы дебютін 2018 жылы «Тараз» жастар құрамында бастаған Аба негізгі командада елу шақты ресми кездесу өткізіп, 10 голдың авторы атанған болатын.

«Тараз» жейдесінде өнер көрсетіп жүргенде еліміздің жасөспірімдер құрамасынан бастап, жастар және ұлттық құрама қатарына шақырылды. Оннан аса матчқа қатысты.

Әр кездері «Ақтөбе», «Жетісу», «Ордабасы», «Тұран», «Атырау» клубтарында ойнады.

Биылғы маусым басында жарақат алып, арнайы ота жасалып, енді бабына қайта еніп келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық футболшы Абзал Мұқанбетжанов «Таразға» қайта оралды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан