3 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев “Челси” сапындағы алғашқы голын соқты
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев лондондық “Челси “ сапындағы алғашқы голын соқты.
Негізі құрамда алаңға беттеген Дастан Сәтпаев ойынның алғашқы минутынан-ақ есеп ашып, командасын алға шығарды.
Бұл қазақстандық жас жұлдыздың “Челси” сапындағы алғашқы голы.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев “Челсидің” Аустралия мен Азияға арналған маусымалды турнесіне қатысатын негізгі құрамға енді. Лондондық клуб бүгін яғни 28 шілдеде “Уестерн Сидней Уондерерске”, ал 1 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матч өткізеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан