6 сағат бұрын
Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевтың сәтті ойынынан кейін мәлімдеме жасады
Лондонның “Челси” клубының бас бапкері Хаби Алонсо Дастан Сәтпаевтың дебюттік ойынан кейін пікір білдірді.
Ол Дастан Сәтпаевтың ерекше ойыншы екенін, клубтағы алғашқы тәжірибесіне қарамай жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті.
«Мен Дастанды өткен жылдан бері, Алматыдағы кезінен білемін. Оның ерекше ойыншы екені көрініп тұр. Ол қарсылас қақпасы маңында өте қауіпті, кеңістікті тамаша пайдаланады және қапталдан орталық шабуылшының жанына сәтті қосылады. Бұл – оның клубтағы алғашқы тәжірибесі, бірақ өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол өте мықты әрі өте жылдам ойыншы. Оның ойыны сіздерді шынымен таңқалдырады», – деді Алонсо.
Алайда ол құрама құрамына қатысты нақты шешім маусым алдындағы дайындық аяқталған соң ғана қабылданатыны атап өтті.
«Алдымызда қабылдануы тиіс көптеген шешім бар. Қазір біз былтыр болмаған бірнеше ойыншыны бақылап жүрміз. Маусым алдындағы дайындық аяқталғаннан кейін қорытынды жасап, алғашқы ресми матчқа арналған құрамды анықтаймыз. Сондықтан әзірге нақты шешім айтуға ерте», – деді испаниялық маман.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев “Челси” сапында “Уестерн Сидней Уондерерске” қарсы матчтың 6-минутында есеп ашты. Бұл Дастан Сәтпаевтың “Челси” құрамындағы алғашқы голы. Қос құрама арасындағы тартыста 6:4 есебемін “Челси” жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан