Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Атырау» ойыншыларға екі айлық жалақыға қарыз

«Атырау» ойыншыларға екі айлық жалақыға қарыз

Фото: «Атырау» футбол лубы

«Атырау» футболшылары мен қызметкерлері екі ай бойы жалақы алмаған, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде журналист Эльдар Аманбаев жазды.

Дереккөздің айтуынша, клуб басшылығының қаржылық міндеттемелерді орындау туралы мәлімдемесі нақты жағдайға сәйкес келмейді.

«Клуб барлық міндеттемені көпшілік алдында жариялаған кезде бұл сөздер шындыққа сәйкес келуі керек. Мен «Атырау» клубының қызметкерлері мен футболшылары шамамен екі ай бойы жалақы алмағанын білемін», - деп жазды Э. Аманбаев.

Айта кетсек, «Атырау» қатарынан ел біріншілігінде төрт рет жеңіліске ұшырады. Олар екі рет «Каспийден» 1:2 және 0:2 есебімен жеңіліп, «Қайратқа» 1:3 және «Тобылға» 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді Владимир Чебуриннің командасы 1 тамызда Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Жетісуға» қарсы ойын өткізеді.

Еске салсақ, «Атырау» командасы биылғы жылы өз стадионындағы алғашқы ойынын қыркүйек айының басында өткізуді жоспарлап отыр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан