5 сағат бұрын
Футболдан әйелдер лигасының финалы Петропавлда өтеді
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Әйелдер лигасының жартылай финалы және финал матчтары Петропавл қаласында өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдің шешуші кездесулері «Қарасай» стадионында өтеді.
15-20 қыркүйек аралығында әр конференцияның екі үздік командасы плей-офф кезеңіне жолдама алып, Петропавлда жартылай финалда жолығады.
Жеңімпаздар – ел чемпионын анықтауға финалға жолдама алады. Ал жартылай финалда жеңілген екі команда қола жүлдесіне таласады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан