Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Қайсар» Қазақстан кубогының алғашқы ойынында «Жеңісті» жеңді

«Қайсар» Қазақстан кубогының алғашқы ойынында «Жеңісті» жеңді

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында 4-минутта «Қайсар» сапынан Нұрали Жақсылық есеп ашса, 8-минутта елордалық клубтан Андрия Филипович таразы басын теңестірді.

Одан кейін 45-минутта алаң иелері қатарынан Виктор Мозес пенальтиден алға шығарса, екінші кезеңнің 46-минутында Нұрали Жақсылық тағы бір мәрте көзге түсті.

Жартылай финалдағы тағы бір жұпта шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» 3:1 есебімен жеңді.

Қарымта ойын 19 тамызға белгіленген.

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан