Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Александр Кеплин УЕФА Конференция лигасында қызмет атқарады

Александр Кеплин УЕФА Конференция лигасында қызмет атқарады

Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысының орынбасары Александр Кеплин УЕФА Конференция лигасы екінші квалификациялық раундының «Бейтар» (Израиль) мен АЕК (Кипр) командалары арасындағы қарымта кездесуіне делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ойын 30 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 22:30-да Румынияның Плоешти қаласындағы «Илие Оана» стадионында өтеді. Командалар арасындағы алғашқы кездесу «Бейтардың» 1:0 есебі жеңісімен аяқталды.

Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді.

Айта кетейік: УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі ретінде әрекет етеді, матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді және ойын аяқталғаннан кейін тиісті баға береді. Сонымен қатар делегат матчты спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік бағыттары бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіреді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан