5 сағат бұрын
Ислам Чесноков мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қазақстандық Ислам Чесноков мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай қорғаушы 2027 жылдың қаңтарында қостанайлық «Тобылдан» кетіп, ресейлік «Крылья Советов» клубынан ауысуы мүмкін.
Айта кетсек, қостанайлық клуб футболшымен 2028 жылдың соңына дейінгі келісімшартқа қол қойды.
Бұған дейін «Тобыл» сапында өнер көрсеткен кезеңінде Чесноков екі мәрте Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанып, бір рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған.
Өткен маусымда Ислам Чесноков «Хартс» құрамында Шотландия чемпионатында 10 матч өткізіп, 1 гол соқты. Қазақстандық футболшы аталған клубқа 2026 жылдың қаңтар айында ауысқан болатын.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 14 турынан кейін «Тобыл» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан