4 сағат бұрын
«Қайрат» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтады
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстандық «Қайрат» (Алматы) футболдан UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық команда екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) қапы қалдырған еді.
Одан бұрын қазақстандық клуб бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0) басым түсті.
Болгариялық команда екінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Университатя» (Крайова) клубынан (2:2, 1:0) айласын асырды.
«Қайрат» - «Левски» алдымен 4 немесе 5 тамызда Болгарияда ойнаса, қарымта кездесу 11 тамызда Түркістан қаласында болады.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан